ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦЕЙЛЕР АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫНДА БАЛА ТӘРБИЕСІ МӘСЕЛЕСІН КӨТЕРДІ
Қармақшы ауданының Жосалы кентіндегі №250 мектеп-лицейде аудандық ІІБ және жергілікті билік өкілдерінің қатысуымен жасөспірімдер арасындағы топтық төбелестің, қылмыстың, құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған ата-аналар жиналысы өтті.
АІІБ жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция майоры Ғ.Нағиев 2015 жылы ювеналды полиция тобымен атқарылған жұмыстар жайын баян етті. Жалпы, жасөспірімдермен жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Жасөспірім», «Балалар түнгі қалада», «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» т.б. профилактикалық іс-шаралары жүзеге асырылып келеді.
Аудан көлемінде әрбір оқу орындарына бекітілген ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторлары, мектеп инспекторлары оқудан бой тасалап жүрген оқушыларды сабаққа тарту, оқу орнынан қашып, қаңғыбастыққа салынып жүрген оқушыларды анықтау, оқушылар арасында бірін-бірі қорқытып ақша талап етуді болдырмау бағытында тиісті шаралар қабылдап, бала тәрбиелеуде міндеттерін орындамайтын ата-аналармен профилактикалық жұмыстар жүргізді. Сонымен қатар, есепте тұратын оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін спорттық және мәдени шаралар, кездесулер, семинарлар мен дәрістер, дөңгелек үстелдер өткізілуде.
Дегенмен де, құзырлы органдармен жасалып жатырған түсіндірме жұмыстарына қарамастан, өткен жыл көлемінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде жүрген 196 жасөспірімге, 21 жасқа толмаған адамға алкогольдік ішімдік сатқан 2 азаматқа, кәмелет жасына толмаған жасөспірімнің түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 3 азаматқа, балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған 3 азаматшаға қатысты хаттама толтырылып, аудандық сот үкімімен тиісті шара көрілді. Қаңғыбастылыққа салынған 4 жасөспірім Қызылорда қаласындағы бейімдеу орталығына жеткізілді.
Сөз соңында, Ғ.Нағиев «Қазақ елінің болашағы – жастар» екенін тілге тиек етті. Ол өз баяндамасын «Болашағымыз жарқын болуы үшін, осы кезден бастап баланың тәрбиесіне, оқып-жетілуіне, нағыз азамат болып өсіп-өнуіне бар күш-жігерімізді салуымыз керек. Ол тек мектептің немесе ата-ананың міндеті емес. Ол қоғамның, біз бен сіздің де парызымыз. Сондықтан жұмылған жұдырықтай бірлесіп, бірге қызмет етуге шақырамын», - деп қорытындылады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі