«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ БОЛДЫРМАУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінде қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлеріне арналған «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Шараға мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда бойынша департаменті мен «Нұр Отан» партиясының Қызылорда қалалық филиалының өкілдері шақырылды. Дөңгелек үстелді Қызылорда қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Майысжан Ибрашев өз баяндамасымен бастады. Әрі қарай шақырылған қонақтарға сөз кезегі беріліп, өз баяндамаларын таныстырды.
Шара барысында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және жемқорлық қылмыстары үшін тағайындалған жазалар туралы түсіндірме жұмысы өткізілді.
Қызылорда қаласы төтенше жағдайлар басқармасы