ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРДЫҢ ОРЫНДАУЫНА НЕ ЖАТАДЫ?
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі - Заң) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 896-бабының 1-тармағына өзгеріс енгізілді, онда айыппұл салу туралы қаулыны немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы мемлекеттік сот орындаушыларына, жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына ерікті түрде орындау мерзімі өткеннен кейін он күн ішінде жіберу көзделген. Көрсетілген қаулы немесе нұсқама оларға жіберілген кезде оған айыппұл сомасының мемлекет кірісіне түспегені туралы мәліметтер қоса беріледі. Аталған Заң 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.
Өз кезегінде, көрсетілген уақыттан бастап жеке сот орындаушыларының орындауына:
1) мемлекеттен өндіріп алу;
2) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке және онымен үлестес заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғалардан өндіріп алу;
3) табиғи монополиялар субъектілерінен немесе тауарлар және көрсетілетін қызметтер нарығында үстем жағдайға ие субъектілерден өндіріп алу;
4) өндіріп алу мөлшері бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын соманы мемлекет пайдасына өндіріп алу;
5) мүлікті тәркілеу не мүлікті мемлекетке беру туралы;
6) мемлекет мүддесіне жүргізілетін үйден шығару, үйге қоныстандыру, үйлерді бұзу, жер учаскелерін алып қою және басқа да істердің санаттары туралы атқарушылық құжаттарды қоспағанда, барлық атқарушылық құжаттарды қабылдайды.
Осыған байланысты қаулылар мен айыппұлды төлеу қажеттілігі туралы нұсқамаларды Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №652 бұйрығымен бекітілген Жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық құжаттарды бөлу қағидаларына сәйкес одан әрі бөлу үшін оларды тікелей облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының өңірлік палаталарына жіберу қажет.
Қызылорда облысының қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының баспасөз қызметі