ИМАМДАР АТТЕСТАЦИЯ ТАПСЫРДЫ
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде облыс бойынша барлық имамдарды аттестациялау өтті. Бұл туралы Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аттестациялауға облысқа қарасты қала, аудан, ауылдық округ мешіттерінде қызмет ететін барлығы 150-ге жуық имамдар қатысты. Имамдар негізінен ҚМДБ тарапынан қабылданған 4 құжаттан, яғни «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» және «Дін мен дәстүр» бағыттары бойынша сынақтан өтті.
Аттестация нәтижесінде облыс имамдары өздерінің дайындықпен келгендіктерін дәлелдеп, жоғары баға көрсетті.