ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫЛАНЫП, ЖАҢА МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2015 жылды қорытындылап, кеңейтілген алқа мәжілісін өткізді. Департамент басшысы Серік Мұстафаев әрбір құрылым басшысына бюджет кірісін қамтамасыз ету бағытындағы жаңа талаптарды ескертіп, белсенді атқарылуы тиіс кешенді шараларға назар аударды.
2015 жылдың қорытынды көрсеткіштері бойынша, мемлекеттік бюджеттің болжамы 106,6% орындалып, 76,4 млрд.теңге түсті, оның ішінде жергілікті бюджетке 38,7 млрд.теңге (1,4 млрд.тенгеге артық) түсіп, болжам 103,9 пайызға орындалды.
Облыстық бюджеттің жылдық жоспары 124,6 пайызға орындалды, нақты 6,7 млрд.теңге түсіріліп 1,3 млрд.теңгеге артығымен қамтамасыз етілді.
275 кешенді және тақырыптық тексерулер бойынша 15,7 млрд.теңге салықтар мен төлемдер қосымша есептелінді, камералдық бақылау және басқа да бақылау шаралары бойынша жергілікті бюджетке 2,9 млрд.теңге қосымша салықтар мен төлемдер, мемлекеттік сатып алу шеңберінде бюджеттен қаржы алған салық төлеушілерге жүргізілген салықтық бақылау нәтижесімен 197 қатысушыдан 580,0 млн.теңге салық өндірілді.
Визуалды бақылау және рейдтер қарымымен 1012 салық төлеуші жеке кәсіпкер ретінде тіркетілді. 85 объектіге жүргізілген хронометраждық зерттеу жұмыстары негізінде салық төлеушілердің бір күндік табысы 9,2 есеге дейін, жекелеген салық төлеушілер бойынша 3 еседен 30 есеге дейін өсіп, жұмысшылар саны 116 адамға көбейді. Бересі 83,0 пайызға азайды, яғни салықтар мен төлемдерден қарыздар 14,7 млрд. теңгеге төмендеуі қамтамасыз етілді.
2015 жылдың қорытындысымен Қызылорда облысының сыртқы сауда айналымы 525 млн. АҚШ долл. құрады. Оның ішінде, экспорт 419 млн. долларға, импорт 106 млн. АҚШ долл. тең. Облыстың сыртқы сауда географиясын Қытай (импорттың 55 пайызы), Германия (11 пайыз), Украина (6 пайыз), Түркия (5 пайыз), Литва (4 пайыз), АҚШ (3 пайыз) құрайды. Экспорттың 54 пайызы Қытайға, 18 пайызы Италияға, 9 пайызы Францияға, 4 пайызы Өзбекстанға, 15 пайызы өзге елдерге шығарылған. Импорттың басым бөлігі жабдықтар мен механикалық құрылғылардан (42%), көлік құралдарынан (10%), қара металдан жасалған бұйымдардан (10%), пластмасса, одан жасалған бұйымдар және жиһаз (6%). Ал экспортталған, негізінен, табиғи уран (47%), шикі мұнай (40%), күріш (6%) және газ (6%). Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша болжамдық тапсырма 116%-ға орындалды немесе 8,8 млрд. теңге өндірілді. Кедендік құнды бақылау, тауарлардың дұрыс сыныпталуы бойынша кедендік әкімшілендіру нәтижесімен бюджетке қосымша 1 млрд. 101 млн. теңге өндірілді.
Экономикалық тергеу саласы бойынша өткен жылы жалпы 324 қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркеліп, оның 255-і аяқталған, 99 қылмыстық іс сотқа жолданды Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде 7,3 млрд.теңге мемлекетке келтірілген залал өтеліп, 56 млн.теңгелік мүлік мемлекет пайдасына өтті. Сот үкімімен жалған кәсіпорындардың контрагенттерінен 228 млн.теңге салықтар бюджетке өндіріліп, 19 млн.теңгені құрайтын тауарлар мемлекет пайдасына тәркіленді.
Көрсеткіштер көңіл көншітеді, дегенмен уақыт талабына орай атқарылар іс те қыруар. Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Халыққа Жолдауында айтылғандай, «әрбір субъект салығын толық төлеуге ынталы болуы үшін салық саласының ашықтығын қамтамасыз ету – бірінші міндет». Салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіретін, тұрғындар арасында салық мәдениетін көтеру шараларын жүргізетін бірде бір мемлекеттік орган – мемлекеттік кірістер органдарының, бұл орайда, жұмысы сан-салалы. Оның орындалуы, өз кезегінде, еліміздің экономикасын бекітуге және халықтың әлеуметтік ахуалын жақсартуға жұмсалатын бюджет қаржысын қамтамасыз етеді.
Бахыт ОРДАНОВА