«ҮЛКЕН ЕЛ - ҮЛКЕН ОТБАСЫ» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ДӘРІС-ТАНЫСТЫРЫЛЫМДАРЫ ӨТТІ
26-29 қаңтар аралығында Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ-ің ұйымдастыруымен «Үлкен Ел - Үлкен Отбасы» жалпыұлттық жобасын түсіндіру, насихаттау жұмыстары өтті.
Дәріс-таныстырылымдар Қызылорда қаласының жоғары, орта арнаулы және жалпы орта білім беретін ұйымдарында жүргізілді.
Алғашқы дәріс Сыр өңірінің білімі мен ғылымының қара шаңырағы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-де өткізілді. Дәріске қатысқан 150-ге жуық студентке Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Н.Мыңжас тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері жайында баяндаса, өзбек этномәдени бірлестігінің басшысы, «Құрмет» орденінің иегері А.Хамидов елімізде орнаған бірлік пен береке ерекше қастерлі ұғым екенін айта келіп, мемлекет дамуының негізі деп пікірін ортаға салды.
Қызылорда қаласының №198 орта мектебінде жалғасын тапқан шарада «Қоғамдық келісім» мекемесі директорының орынбасары Р.Ахметова, «Русская община» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі В.Толоконников, с.ғ.к. С.Сахиев ұстаздар мен оқушылар қауымына «Үлкен Ел - Үлкен Отбасы» жалпыұлттық жобасы мен Елбасының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласындағы негізгі бағыттырды жан-жақты талдап, толық мәлімет берді.
Назарбаев зияткерлік мектебінде 400-ге жуық білім алушы мен ұстаздар қатысқан дәрісте «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры, т.ғ.к. У.Ибраев еліміздегі этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту бағытындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен және алдағы жоспарларымен таныстырса, облыстық ғылыми-сарапшылық топ мүшесі, саясаттанушы Н.Жәлиев тәуелсіздік жылдарында орын алған этникалық үдерістер туралы сөз қозғады. Дәріс барысына шынайы қызығушылық білдірген мектеп оқушылары түрлі сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.
Осындай дәрістер Қызылорда қаласындағы №5, №6, №101, №264 орта мектептерінде жалғасын тапты. Әрбір дәріс өзіндік ерекшелігімен тартымды өткізілуде. Мысалы, 20-дан астам этнос өкілдерінің балалары тәлім алатын №198 орыс мектебінде оқушылар күшімен еліміздегі татулықты, достықты, келісімді жырлайтын концерттік бағдарлама қойылды. Ал, №5 мектепте Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы бейнеролик оқушылар назарына ұсынылса, №101 мектепте жастар ұйымының жетекшісі Ә.Әлібек жалынды сөз сөйлеп, жастарды қанаттандырды.