ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНДА ҚР «МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫН ОҚЫП-ҮЙРЕНУ САБАҒЫ ӨТТІ
Қызылорда қалалық сотында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңын оқып-үйрену сабағы өтті. Сабаққа кеңсе қызметкерлері қатысты.
Оқып-үйрену сабағын соттың жетекші маманы Ж.Ақкөлова жүргізіп, Заңның негізгі баптарына және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген өзгерістерге тоқталды. ҚР «Мемлекеттік Қызмет туралы» Заңның баптары көбейіп, осы саланың ҚР Президентінің Ұлт жоспарында қойған талаптарына сәйкес, мемлекеттік апараттың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ жемқорлық көріністерінің барынша алдын алуға бағытталған жүйелерге негізделіп, жіті реттелгендігіне тоқталды.
Мемлекетті кәсібилендіру саласында үш сатылы іріктеу тәртібі, тестілеудің жаңа талаптары, оның ішінде үміткердің жеке қасиеттерінің бағалануы, мемлекеттік қызметкердің еңбегінің атқаратын міндеттерінің жауаптылығына, күрделілігіне қарай бонустар берілуі арқылы бағаланатыны туралы айтты.
Сондай-ақ, жас мамандарға мемлекеттік қызметтің төменгі сатыларынан бастап лауазымдық жоғарылауы үшін жағдай жасалғандығы атап көрсетілді.
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі