«ДОНОР БОЛ!»
Осындай ұранмен Қызылордада жастар ресурстық орталығының өкілдері қан тапсыру акциясын өткізді. Қоғамдағы келеңсіз жағдайларға бейжай қарамайтын жастар облыстық қан орталығына жиналды, - деп жазады «Кызылординские вести» газеті.
«Жастар ресурстық орталығы» МКК-ның директоры Жасұлан Алдабергеновтың айтуынша, соңғы уақытта ауыр науқасқа шалдыққан, жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен және бақытсыз жағдайларға ұшырағандар саны өскен. Сондықтан орталық өкілдері барлық ауданнан, Байқоңыр қаласынан Қызылордаға қан тапсыру үшін келген.
Айта кету керек, акцияға қатысушылар мұндай шарада бірінші рет төбе көрсетіп отырған жоқ. Акция нәтижесінде барлығы 13 литр қан өткізілді.