ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ СУДЬЯЛАРЫ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Қызылорда облыстық сотында облыс соттарының 2015 жылдың 12 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыстары бойынша БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз-конференциясы өтті.
Іс-шараны облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ.Адранов, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Е.Қарабаев, облыстық соттың судьясы, баспасөз қызметін үйлестірушісі А.Наримов жүргізді.
Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Е.Қарабаев Елбасының «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарына қатысты екінші реформа - тәуелсіз сот төрелігі мен Қазақстанның бүкіл құқық қорғау жүйесінің тек қана азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, заңдарды қатаң орындауға және құқық тәртібін нығайтуға бағытталғандығын айтты. Ол үш сатылы сот жүйесі, судьялыққа іріктеу барысы, тергеу судьясының өкілеттілігі, сот процестерін аудио және бейне жазумен облыс соттары 100 пайызбен қамтылғанын және жаңартылған заңнамаларға толығымен тоқталды.
Облыс соттары бойынша заматтық, әкімшілік және қылмыстық істер жөніндегі сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары төмендегідей нәтижелерді көрсетті.
Атап айтқанда, 2015 жылдың 12 айында аудандық және оған теңестірілген соттарының өндірісіне 23808 талап арыз, электронды түрде облыс соттарына барлығы 8993 талап арыз, 16735 әкімшілік іс түскен. Өткен жылмен салыстырғанда арыздар 442-ге немесе 1,9 пайызға өскен.
Есепті кезеңде апелляциялық сот алқасына барлығы (өткен жылдан 8 іс 23 адам жөнінде қалдыққа қалған) 252 қылмыстық іс 306 адам жөнінде түскен.
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты 2015 жылдың 12 айында аудандық және оған теңестірілген соттарда 46 адамға қатысты 34 іс, есірткінің заңсыз айналымына қатысты 203 адамға қатысты 201 іс, айыпкерлерге бас шарасын қамауға алу санкциясын қолдану туралы 594 материал түсіп, қаралды.
Баспасөз конференциясы барысында облыстық соттың алқа төрағалары өздерінің жұмыс тәжірбиелері, соттарда қаралып жатқан қоғамдық пікір туғызған кейбір істерді қарауының нәтижесі туралы баяндап, тілшілер тарапынан қойылған сауалдарға толығымен жауап берді.
БАҚ өкілдері өз кезегінде, жедел ақпаратпен қамтамасыз ететін облыс соттарындағы баспасөз қызметіне деген ризашылықтарын білдірді.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі