ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Қызылордада облыс прокурорының төрағалығымен облыстық прокуратураның кеңейтілген алқа отырысы өтті. Алқада өткен жылғы жұмыс қорытындыланып, алдағы кезеңге міндеттер айқындалды, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Есепті мерзімде 599 тексеру жүргізіліп, 21356 адамның кұқығы, оның ішінде 17701 адамның конституциялық құқықтары қорғалды. Прокурорлық актілер негізінде 3,4 млрд. тенге залал өндірілген, оның ішінде 2,3 млрд. теңгесі мемлекет пайдасына.
2015 жылы 44 заңды тұлғаның 7442 жұмысшылары алдындағы 812 млн. теңге жалақы қарыздарының төленуі қамтамасыз етіліп, еңбек заңнамасын бұзған 30 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында жүргізілген 70 тексерумен 615 заң бұзушылық анықталды. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылыққа жол берген 80 тұлғаның 35-і басшылар (облыстық басқармалардың бөлім басшылары, аудан әкімінің орынбасары, қала, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, білім беру ұйымдарының басшылары және т.б.). 13 іс қылмыстық іс қозғалды.
Уәкілетті органдардың қатысуымен жер қойнауын пайдаланушылардан қоршаған ортаға белгiленген нормативтерiнен артық эмиссияларға қосымша есептелген 1,7 млрд. тенге төлемақы мемлекет пайдасына өндірілді.
Мемлекет мұқтажына жер учаскелері негізсіз алынатыны анықталды. Әкімдіктермен жер учаскелерін пайдаланудан туындайтын төлемдер мен шығасылардың қалтқысыз өндірілуіне бір жылдан астам уақыт бойы көріліп жатқан шараларға қарамастан, тек Шиелі ауданында бұл заң бұзушылық әлі күнге дейін тыйылмай, 3 адамнан 3,8 млн. теңге өндірілмеген.
Облысымызда қылмыстылық ахуал бойынша, 2015 жылдың 12 айында облыста қылмыстың тіркелуі – 14,2%-ға көбейсе (10716-тен 12241-ге), оның ішінде ауыр қылмыстар 20,2%-ға өскен (739-ден 888-ге).
Сонымен қатар, облыс көлемінде алаяқтық қылмысы артып отыр.
Бұл қылмыстар негізінен Қызылорда қаласында және Жалағаш, Қармақшы аудандарында өскен.
Прокурорлық талдау жұмыстары алаяқтық қылмыстарын негізінен жұмыссыз, бір шамасы бұрын заңмен түйісте болған, 21-39 жас аралығындағы басым бөлігі әйел адамдарымен жасалатындығын көрсетті.
Алаяқтық қылмыстардың негізгі кең тараған түрлері олар негізінен несие алып беруге, жұмысқа тұрғызуға, пәтер және жер алып беруге қатысты орын алуда.
Мемлекеттің экономикасына қауіп төңдіретін қылмыстардың бірі ол жалған кәсіпкерлік қылмысы. Бүгінгі таңда аталған қылмыстың алдын алып, әшкерелеу мақсатында прокуратура органдармен құқық қорғау органдарының бұл бағыттағы жұмыстары үлестірілуде.
Өткен жылы облысымызда жалған кәсіпкерлік санатындағы 77 қылмыспен мемлекетке 6 млрд. теңгеден астам залал келсе, оның тек 200 млн. теңгеден астамы мемлекет бюджетіне өндірілген.
Жиын барысында қадағалау қызметінің нәтижелері талданды, проблемалық сұрақтар көтеріліп, алдағы кезеңге басым міндеттер айқындалды.
Алқа қорытындысы мен барлық жеке құрамға бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын орындау бойынша мүлтіксіз шаралар қабылдауды, прокурорлық қадағалау қызметінде Мемлекет басшысының Жолдауындағы талаптарды басшылыққа алу, азаматтық қоғаммен өзара іс-әрекетті жандандыру, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, жасөсіпірімдердің, мемлекеттің мүддесін қорғау жұмысын жалғастыру тапсырылды.