ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІ СОТҚА ДЕЙІН ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУДЕГІ КЕМШІЛІКТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Аса ауыр қылмыстық істерді қарау барысында туындайтын қиындықтар мен сотқа дейін тергеп-тексерудегі кемшіліктер туралы» тақырыбында дөнгелек үстел өтті, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Дөнгелек үстел жұмысын сот төрағасы С.Сүлеймен ашып, бугінгі күнде аса ауыр қылмыстық істерді қарау барысында туындайтын қиындықтар мен сотқа тергеп-тексеруден түсетін кемшіліктер туралы айтты. Сот судьясы А.Сабыров аса ауыр қылмыстық істерді қарау барысында туындайтын қиындықтар мен сотқа дейін тергеп-тексеруде кететін кемшіліктеріне жан-жақты тоқталды.
Одан кейін, сотқа дейін тергеп-тексеруде жіберілетін кемшіліктер (жеке қаулылар); сот процесінде прокурор мен қорғаушылардың ролі (іс әрекеттері, мәдениеті, әдебі); басты сот талқылауының кейінге қалдыру себептері; жәбірленуші-куәларды сотқа мәжбүрлеп алдырту туралы қаулылардың орындалуы; іске қатысушы прокурор мен қорғаушылардың жарыссөздері; дыбыс-, бейне жазу құралдарының сот процестерінде қолданылуы; іске қатысушылардың сот процестеріне уақытылы келуі және т.б. проблемалар жөнінде пікір алмасты.
Іс шараға қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелерді қызу талқылап, өздерінің ұсыныс-пікірлерін, ойларын айтып, сұрақтар қойып, жауаптар алды. Нәтижесінде, сот органы мен прокуратура, адвокатура және ішкі істер органдарының өкілдері бірлесіп жұмыс жасауға және қылмыстық-процестік заңңамалардың талаптарын бұлжытпай орындауға келісті.