ТЕМЕКІГЕ ТӘУЕЛДІЛІКТІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЖЕҢУ КЕРЕК
Қызылордада ҚР ІІМ ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ-нің базасында «Алкогольсіз, шылымсыз және нашасыз өмір» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Шараға облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары, Облыстық наркологиялық орталық дәрігері, Апаттар медицинасы орталығының дәрігері, психологтар және жеке құрам қатысты.
Алдын алуға бағытталған шара барысында Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының психологы Жәмилә Махмұтова шылым шегумен алкогольдің зияны туралы, күресу жолдарын түсіндіріп, бейнероликтер көрсетті. Апаттар медицинасы орталығының дәрігері және Наркологиялық орталықтың нарколог-дәрігері алкогольмен никотинге деген құмарлыққа жеткізбеу жолдары туралы мәлімет беріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Дөңгелек үстел соңында сөз алған Кызылорда облыстық ТЖК-нің психолог-маманы Диляра Имирова алкоголь мен темекіге тәуелділікті психологиялық тұрғыдан жеңу жолдарын айтты.
«ОӨАЖҚЖ» ММ