РЕСПУБЛИКАДА ӨНЕРТАПҚЫШТЫҚ САЛАДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР КОНКУРСЫ БАСТАЛДЫ
2016 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде республикада өнертапқыштықты насихаттауға және қолдауға бағытталған Өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің «Шапағат» республикалық конкурсы басталды.
Конкурстың ұйымдастырушылары – ҚР Әділет министрлігі және «ҰЗМИ» РМК; ҚР Білім және ғылым министрлігі; ҚР Инвестициялар және даму министрлігі.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау қаңтар айының екінші аптасынан басталды. Өтінімдерді іріктеуді конкурстық комиссия жүзеге асырады, оның құрамына ғылыми мекемелердің, мемлекеттік органдардың, ұлттық кәсіпкерлер палатасының және патенттік сенім білдірілген тұлғалардың өкілдері кіреді.
Ғылым мен техниканың мына салаларына: «Химия», «Медицина», «Ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу», «Байланыс және коммуникация», «Мұнай-газ және тау-кен өндіру саласына» жататын өнертабыстарға патенттері бар ұлттық өтінім иелері конкурсқа қатысушылар бола алады.
Конкурс мынадай аталымдар бойынша өткізіледі:
- Жыл өнертабысы;
- Өнертапқыш әйел;
- Ең жас өнертапқыш (16-29 жас аралығында);
- Ең белсенді өнертапқыш;
- Жас дарын (16 жасқа дейін).
Конкурстық комиссия Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының және Еуразиялық патент ұйымының ұсыныстары бойынша да жеңімпаздарды іріктеуді жүзеге асырады.
«Жас дарын» аталымында ғылыми-зерттеу жұмыстары барынша перспективалы әзірленімдерге жатқызыла алатын және бірегейлік өлшемшарттарына жауап беретін мектеп оқушылары мен студенттер қатыса алады.
Сәуір айының төртінші аптасында Дүниежүзілік зияткерлік меншік күні қарсаңында конкурстың қорытындысы шығарылып, наградалар тапсырылатын болады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер мына мекенжайлар бойынша қабылданады:
Астана қ-сы, Сол жақ жағалау, Орынбор к-сі, 8-үй, Министрліктер Үйі, № 1 кіреберіс («ҰЗМИ» РМК)
Алматы қ-сы, Ришат және Мүсілім Абдуллиндер к-сі (бұрынғы Емелев к-сі), 6-үй, 1-павильон («ҰЗМИ» РМК-ның Алматы қаласындағы филиалы)
Шымкент қ-сы, Желтоқсан к-сі, 16-үй («ҰЗМИ» РМК-ның Шымкент қаласындағы филиалы)
Мәліметті мына тел.бойынша алуға болады: (7172)749172; e-mail: guldana_kz.82@mail.ru(link sends e-mail).
Әділет департаментіне 23-10-08 телефонына хабарласуға болады.
Облыстағы жас өнертапқыштар мен ғалымдарды Конкурсқа қатысуға шақырамыз!