ҚЫЗЫЛОРДАДА «БАЛАЛАР ТҮНГІ ҚАЛАДА» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Ағымдағы жылдың 22-24 қаңтар аралығында облыс көлемінде мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып, «Балалар түнгі қалада» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген болатын.
Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, оның ішінде топтық төбелес, бопсалау деректерінің алдын-алу, ескерту, жолын кесу, сондай-ақ құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үй-жайлардан тыс аумақта болу деректерін анықтау болып табылады.
Жүргізілген іс-шара барысында ішкі істер органдарына барлығы 279 кәмелетке толмағандар жеткізілсе, оның ішінде 268 кәмелетке толмағандар түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағандары үшін, қалған 11-і қадағалаусыз және панасыз қалғаны үшін әкелінді.
Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша, ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін барлығы 14 ата-анаға хаттама толтырылса, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы (сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін кәмелетке толмағандар түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуы және сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болуы) бойынша барлығы 224 кәмелетке толмағандар анықталып, олардың заңды өкілдеріне хаттама толтырылды. Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (бұзақылық) және 435-бабы (кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық) бойынша 26 кәмелетке толмағандар мен олардың заңды өкілдеріне хаттама толтырылып, тиісті шара көру үшін жергілікті жерлердегі әкімшілік соттарға жолданды. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы (түнгі тыныштық бұзу) бойынша 3 кәмелетке толмағандар, ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы (белгіленбеген қоғамдық орында темекі шегу) бойынша 13 кәмелетке толмағандарға хаттамалар толтырылып, айыппұл салынды. ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы, 2-бөлімі бойынша (жасы он сегізге толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі) 2 дерек анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы (ҚР заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) бойынша 4 дерек, ҚР ӘҚБтК-нің 133-бабы (он сегіз жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын сату және олардың сатуы) бойынша 4 дерек, ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы (кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру) бойынша 8 дерек анықталды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі