ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАНДАЙ МАМАНДАР СҰРАНЫСҚА ИЕ?
Қызылордада биыл 3,5 мың адам жұмыссыз қалды. Бұл туралы аймақтағы жұмыспен қамту бөлімінің мамандарына сілтеме жасап «Астана» телеарнасының тілшісі хабарлады.
Сондықтан жергілікті билік бос жұмыс орындары жәрмеңкелерінің санын екі есеге ұлғайтқан. Өңірде жүк көлігінің жүргізушілері, дәрігерлер, мұғалімдер, тәрбиешілер, инженер, құрылысшы, дәнекерлеушілерге сұраныс бар. Өткен жылы облыс бойынша бос жұмыс орнындарына 85 жәрмеңке өтіп, онда 3,5 мың азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Бірақ биыл тағы сонша қала тұрғыны жұмыссыз болып тіркелген.
Қалауы бойынша жұмыссыздардың қайта даярлау қурстарынан өтіп, балабақша тәрбиешісі, хатшы-референт, дәнекерлеуші, аспазшы, бухгалтер, тіпті массажист мамандығын игеріп алуына мүмкіндіктері бар. Өткен жылы 200-ден астам адам жаңа мамандық игеріп, жұмысқа орналасқан.
Ақпан айынан бастап 450 адам қайта даярлау курстарынан өтеді. Жергілікті билік жұмыссыздық пен қысқартуларға қарсы күресті күшейтпек. Мысалы, қысқартуды болдырмаудың бір жолы – толық емес жұмыс күніне көшу. Жыл басынан бері облыстағы бес ірі компания осы жұмыс тәртібіне 383 қызметкерін ауыстырған.