«ҚЫЗЫЛОРДА» АВТОБУС ПАРКІ» ЖШС ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІ ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНЫП КЕЛГЕН
Қызылорда облысында өткен жылы кеден заңдылығын қадағалау саласында 5 заңбұзушылық анықталып, 1 ұсыныстың қаралуы нәтижесінде 2 адам тәртіптік жауаптылыққа тартылды, - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
«Орталық қырғы базар» ЖШС-не қатысты қабылданған 21 млн. теңге көлемінде кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұл сомасын есептеу туралы хабарламаның күші жойылған.
«Қызылорда» Автобус паркі» ЖШС-нің кеден рәсімдерінен толық өтпеген қоғамдық көліктерді заңсыз пайдаланып келгені анықталды. Серіктестікке 400 АЕК көлемінде немесе 793 мың теңгеге жуық айыппұл салынды.