ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ТҮНІ БОЙЫ КӨШЕ КЕЗУІ ТЫЙЫЛАР ЕМЕС
Қызылорда қаласында жасөспірімдердің түні бойы көше кезуі тыйылар емес, деп хабарлады «24 кз».
Кәмелетке толмаған балалар компьютерлік орталықтар мен түнгі клубтарда таңды атыруда. Ол аздай, топтық төбелестерге қатысып, бұзақылыққа бой алдыратындар да көбейген. Осыған орай, полицейлер бір күндік рейд жасап, 134 жасөспірімді ұстады. Ең сорақысы, балаларының ымырт үйіріле қаңғыбастыққа салынып, ойын-сауық орындарында сайран салып жүргенінен ата-ана бейхабар. Яғни ешқандай қадағалау жоқ. Тек пайда табуды көздеген кәсіпкерлер болса, заңмен тыйым салынғанына қарамастан оларға спирттік ішімдіктер мен темекі бұйымдарын сатып, кафе-клубқа кіруіне шектеу қоймайды. Сондықтан аймақта жасөспірімдер қылмысы күн санап артып барады.