«ХАЛЫҚТЫҢ БАҚЫТЫ ҮШІН ТУҒАН ҚАҺАРМАН»
Жуырда «Руханиятты жаңғырту» қорының ұйымдастыруымен Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 240 жылдығына арналған «Халықтың бақыты үшін туған қаһарман» атты дөңгелек үстел өтті. Тағылымды шараның мақсаты – Жанқожа батырдың тарихи тұлғасы мен қаһармандық бейнесін ашу.
Конференцияда өңірімізге белгілі тарихшы ғалым Дастан Сәтбай, Нұрлан Көбегенұлы, Оңғар Бермаханов, Қайырбай Зәкіров сынды қоғам қайраткерлері мен мектеп мұғалімдері батырдың бет-бейнесі жайлы пікірталасып, тарихи деректерді ортаға салды.
«Жанқожа батыр жайлы оқулық аз. Ал мектеп кітаптарында дереккөздің нақтылығына көбінесе талдау жасалынбайды. Болашақта тарихшы ғалымдармен бірлесе отырып, батырдың рухын ұлықтайтын аңыз-әңгімелерді оқулықтарға кірістірсек нұр үстіне нұр болар еді», – деді №247 орта мектеп мұғалімі Алмагүл Ибраева.
Айта кетсек, Жанқожа Нұрмұхаммедұлы Ресей отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық көтерілістің басшысы, елі үшін туған ер, әділдік туын жоғары ұстаған қаһарман.
Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ