ШИЕЛІДЕ АПАТТЫ ДЕП ТАНЫЛҒАН 9 ҚАБАТТЫ ҮЙДЕ 4 ОТБАСЫ ТҰРЫП ЖАТЫР
Шиелі кентіндегі 9 қабатты апатты баспанада 4 отбасы тұруға мәжбүр. Аталған тұрғын үйді арнайы комиссия осыдан 3 жыл бұрын апатты деп жариялаған. Жергілікті атқамінерлер шешім шығысымен көрші Бидайкөл ауылы мен Шиелінің өзінен тұрғындарға баспана берген, - деп хабарлады «Астана» телеарнасының тілшісі.
Жалғазбасты ана Мәрия қыздарын таң ата отын жинауға жіберетінін айтады. Өйткені «қаңырап қалған баспананы жылыту оңай емес» дейді. Едендері сыз тартып, бөлмедегі суық сүйектен өтеді. Барар жері болмаған соң, 1990-шы жылдардың аяғында есік-терезесі жоқ қаңырап тұрған пәтерге кірген.
Мәрия Сәменова:
- Кезінде күйеуім бар кезде мал бақтық. Күйеуім өлмей тұрған кезде. Күйеуім бес жылдай мүгедек болып жатып, қайтыс болды. Еш жер жұмысқа алмайды. Ал қыздарымды бір жерге жұмысқа сөйлесейін десем, жоқтықтың кесірінен оқыта да алмадым.
Бұл баспана Кеңес кезінде тау-химиялық комбинаты компаниясының қызметкерлеріне арнайы салыныпты. Қоқыс құбыры, лифті мен ыстық суы бар мұндай үй сол кездері тіпті облыс орталығында болмаған. 1990-шы жылдары су, жылу, электр жүйелері бір мезетте ағытылыпты. Сол кезде 54 отбасы көшіп кетіп, нысан талан-таражға түскен. Қаңқасы қалған ғимаратқа барар жері жоқ 16 отбасы кірген. Ал үй апатты деп танылған соң, 12 отбасына мектептерден орын берілген. Ал баспанасын жекешелендірген апай, бұл жерден көшпеймін, деп отыр.
Любовь Нұржанова:
- 2012 ме, 2013 пе, мынау апатты жағдайда үйлеріңіз, көшіңдер де, көшіңдер деп, мынау Гиганттың ескі есік-терезесі сынған, едені шіріген бөлмелерді берді ескі мектептің. Соған барыңдар деді, оған менің барғым келмейді дедім.
Шиелі кентінің әкімі тұрғындар тағдырына алаңдап отырғанын айтты. Ал көшуге дайын отырған үш отбасын басқа жерге орналастырудың жайын қарастырып жатыр.
Насырбек Мырзабеков,
Шиелі кентінің әкімі:
- Бір-екеуіне арнайы тұрғын үй салуға жер бергенбіз, ол тұрғын үй салуға да маған салып беріңдер, көмектесіңдер деп жатыр. Енді көктем шыға демеушілерді тауып, үй салып беруге, басқа да құрылыс материалдарымен көмектесуге жәрдемдесеміз. Екі отбасының бірі бұл жерден көшпеймін деп отыр. Тағы бір отбасына тағы бір босаған, жаңа бір кісілер босатып кетті, Бидәйкөлден басқа үй өздері тауып алды. Сол босаған екі бөлме бар, сол жерге орналастырамыз.
Апатты үй қашан сүрілетіні белгісіз. Оны қаражат болған кезде арнайы комиссия шешеді, - дейді билік өкілдері.