ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚАЛАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
2016 жылдың 06 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты бағдарламалық мақаласын жария етіп, тек Қазақстан халқын ғана емес, бүкіл әлем жұртшылығын елең еткізген болатын. Қоғамның сан саласындағы түйткілді мәселелерге тоқталған Мемлекет басшысы дағдарыстан шығар жолды көрсетіп, әлемнің жан-жақты дамыған 30 озық елінің қатарына ену міндетін қойды.
Осыған орай, бүгін қызылордалық тәртіп сақшылары департаменттің үлкен мәжіліс залында бас қосып, өткенімізді саралайтын, ертеңімізді бағамдайтын еңбек - «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласын талқылады. Аталған жиынға департамент басшылығы, жеке құрам және Қорқат Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Апенов Болат Мейрамұлы қатысты.
Жиын барысында Болат Мейрамұлының «Бес бағытты реформа аясындағы қарышты қадамдар» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды. Ол өз сөзінде егемендік жылдарында әлеуметтік-экономикалық, саяси және әкімшілік реформалардың ауқымды жылдарын еңсерген Қазақстан үшін аталған бағдарламаның жаңа серпін беретіндігін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, ол Ұлт Жоспарын айшықтайтын бес құрылымдық реформаларды саралап, іске асыру тетіктерін айшықтап көрсетті. Жалпы, аталған бағдарламаның Мәңгілік Еліміздің елдігін айқындап, экономикалық әлеуетіміздің шыңдала түсуіне оң әсер ететініне сенім білдірді.
Сонымен қатар, жиын барысында полиция қызметкерлерінің де ой-пікірлері тыңдалып, талқыға салынды. Олар аталған мақаланың мемлекетіміздің халықаралық шеңбердегі беделінің артуына, еліміздің экономикасының қарыштап дамуына, Қазақстан халқының алаңсыз, қамсыз өмір сүруіне жол ашатын бірегей бағдарлама екендігін атап өтіп, бірауыздан қолдайтындықтарын жеткізді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі