ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ХҚКО-ДА ИНВЕСТОРЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ СЕКТОРЛАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Инвестициялық жобаны іске асыру бойынша барлық қажетті мемлекеттік қызметті инвесторлар ХҚКО-да «бір терезе» қағидасы арқылы ала алады, - деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметінен.
Бизнесін кеңейтуді шешкен инвесторлар осы жерден кеңес пен рұқсат құжаттарын ала алады. Жерді қолдану, құрылыс жұмыстарына қажетті ғимараттарды сәулеттік-жобалау, инвестициялық шартты бекіту үшін де орталыққа жүгінеді.
«Бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсетудің барлық процесі автоматтандырылады. Интернет жүйесінде тіркелуге, ақпарат алуға, құжаттарды жеткізуді online режимде қарастыруға мүмкіндік бар. Инвесторлардың мемлекеттік органдармен өзара байланысы да «бір терезе» қағидасының нәтижесінде жеңілдеді.