ДАҒДАРЫСТАН ШЫҒУ КІЛТІ
Ұлт жоспары – жаһандық дағдарыстан қиналмай шығу мақсатында жан-жақты ойластырылған бағдарлама. Жоспардың негізгі мақсаты «аурулардың сыртқы белгілерін» сылап-сипап қою емес, оларды «жүйелі емдеу» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды» делінген бағдарламалық құжаттың бірінші қадамында.
Сондай-ақ, реформалар жинағында Елбасы отандық өнімнің сапасына маңыз беріп, барынша бәсекеге қабілетті ету мәселесіне нақты тоқталған. Қадамдарды жоспарға сай жүзеге асыра білсек, ең алдымен сенімді әрі пайдалы өз тауарларымызды тұтынатын боламыз. Екіншіден, бұл - сырттан инвесторлар тартудың да негізгі жолы. Яғни, Ұлт жоспарының экономикалық өсім қарқынын арттырудағы маңызы ерекше. Сонымен қатар, 100 қадамда жаһандық дағдарыста ел болып күш біріктіріп, қиындықты бірлесе жеңудің негізгі бағыттары айқын көрсетіледі. «Саяси маңызды құжат - нарықтың негізгі талаптарын жинақтаған, сыртқы және ішкі сын-қатерлерге жауап берудің таптырмас құралы» дейді экономика ғылымдарының кандидаты Қазыбай Құдайбергенов.
«Қазақстан - Қызылорда» арнасы