«НҰР ОТАННЫҢ» ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА ҚАРАЛҒАН ӨТІНІШТЕРДІҢ КӨБІ ӘЛЕУМЕТТІК СИПАТТА
«Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалына өткен жылы 3,5 мыңнан астам адамнан арыз-шағым түскен. Қоғамдық қабылдауда қаралған өтініштердің басым көпшілігі әлеуметтік сипатта, - деп хабарлады «Хабар» телеарнасының тілшісі.
43 мыңдай нұротандық дағдарысқа қарсы шаралардың кешенді жүргізілуіне мүдделі. «Елбасы экономикалық қауіп-қатерге байланысты бірнеше ұлттық деңгейдегі құжаттар қабылдаған. Соның бірі – «Ұлт жоспары 100 қадам». Оның заңдылық негізі, базасы жасалды. Енді практикалық негізге көшуіміз керек», - дейді филиал төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай Байқадамов.