ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТІП ЖАТЫР
Бүгін Қызылорда ОІІД-нің үлкен мәжіліс залында семинар-кеңес басталды. Аталған кеңестің күн тәртібінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қылмыстық кодесті, Қылмыстық-процестік кодексті, Қылмыстық-атқару кодексті және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексті талқылап, насихаттау, заңнамалардың сапалы енгізілуіне бақылау жасау мәселелері қойылды. Семинар-кеңеске облыстық құқық қорғау органдары, прокуратура, сот жүйесінің, сараптама орталығының қызметкерлері қатысты.
Семинар-кеңесті Қызылорда ОІІД-і бастығының орынбасары, полиция полковнигі Н.Анарбаев ашып, жоғарыда аталған кодекстерге толықтырулар мен өзгертулер енгізудің маңызын қысқаша баяндап, семинар-кеңестің бағдарламасымен таныстырып өтті.
Сондай-ақ, жаңадан редакцияланған кодекстердің сот жүйесінде алатын орны жайлы Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының судьясы, жаңа Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстердің енгізілуіне орай, құқық қорғау органдары мен сот жүйесінің арасында пайда болатын процестік жаңа қатынастар жайлы Қызылорда қалалық №2 сотының судьялары және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізудің жалпы шарттары және оны жүргізу кезінде жалпы прокуратура органының, оның ішінде процесс прокурорының өкілеттігі жайлы Қызылорда қалалық прокуратурасының қызметкерлері баяндама жасады.
Семинар-кеңес түскі үзілістен кейін де жалғасын табатын болады. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кодекстердің сарапшылар мен мемлекеттік емес ұйымдарға қызмет бабына қатысты берілген өкілеттіктері жайлы түсіндіріп өту үшін Қызылорда облыстық прокуратурасы өкілінің, Қызылорда облысы бойынша Сот сараптама институтының мамандарының және «Қызылорда облысы бойынша Тұтынушылардың құқығын қорғау» қоғамдық бірлестігінің мүшелерінің баяндамалары тыңдалады деп жоспарланып отыр.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі