НЕМЕРЕСІНІҢ МҮГЕДЕК БОП ҚАЛҒАНЫНА ӘЖЕСІ БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІЛЕРІ МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІ КІНӘЛАЙДЫ
Қызылорда облысының тұрғыны Бақтыгүл Маханова немересінің мүгедек болып қалуына балабақша тәрбиешілері мен дәрігерлерді кінәлап отыр, - деп хабарлады «31 арна» тілшісі.
Осыдан үш жыл бұрын төрт жастағы Нұртуған балабақшада ойнап жүріп, үстелден құлап, жарақаттанған. Баланың денсаулығы артынша күрт нашарлап, жан сақтау бөліміне жатып шыққан. «Аман қалғанымен, дәрігерлер бүлдіршінді дұрыс қарамай, ақыр соңында немерем мүгедек боп қалды», - дейді Бақтыгүл Маханова.
Уақыт өте дәл осы «Толғанай» балабақшасында екінші немересі құлап, жарақат алған. Осыдан кейін кейуана құзырлы органдарға арыз жазған. Тәрбиеленетін екінші немерем де құлап, дене жарақатын алды дейді Бақтыгүл. Әжей бұл жағдайларға тәрбиешілердің жауапсыздығы себеп деп отыр.
Ал балабақша меңгерушісі Гүлзат Қарабисенова аталған екі оқиға кезінде жұмыс орнында болмағанын алға тартады. Құзырлы орындағылар дәрігерлердің де, тәрбиешілердің де кінәсы жоғын анықтаған. Енді олар сот-медициналық сараптамасын қайта тағайындауға кірісті.