ЖАЛҒАН КӘСІПКЕРЛІККЕ ЖОЛ БЕРМЕУ КЕРЕК
Құқық қорғау органдарын жаңғыртудың кезекті кезеңінде, құрамына құқыққорғау қызметіне құзыретті Экономикалық тергеу қызметі кіретін, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті құрылған болатын.
Аталған қызметтің басты міндеті – «көлеңкелі» экономика жағдайындағы ахуалды жақсарту, бюджетке келтірілген залалды қайтару, төленетін төлемдердің толықтығын қамтамасыз ету және экономикалық қылмыстардың алдын алу.
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі 2015 жыл қорытындысымен еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында толымды жұмыстар атқарды.
Ел экономикасына айтарлықтай залал келтіріп отырған қылмыстардың бірі – жалған кәсіпкерлікпен байланысты. Бұл дегеніңіз – қыруар қаражатты заңсыз айналымға шығарып отырған жүйе. Департаменттің салықтық бақылау құзыретіндегі құрылымдарымен өзара жолға қойылған жұмыс ырғағы негізінде, өткен жылы осы санаттағы 64 қылмыс анықталды, олардың 32-сі тергеу өндірісімен аяқталды, яғни қисынды соңына жеткізілді.
Жалған кәсіпорындардың қызметі арқылы мемлекет бюджетіне 7,4 млрд. теңге көлемінде залал келтірілген, қазірге кезде осынау қаржыны сол жалған кәсіпорындардың контрагенттерінен өндіру шаралары жүргізілуде.
Сот шешімімен 20 тұлға 2 жылдан 4 жылға дейінгі мерзімдерге бас бостандығынан айрылды, оның ішінде 4 тұлға жалпы сомасы 16 млн.теңгенің айыппұлына жазаланды.
Сонымен қатар, есеп-шот жазып беру кезінде, яғни қылмыс барысында 2 тұлға ұсталып, сотталды.
Салықтан жалтару бағытында келтірілген 4,4 млрд.теңге залал қалпына келтірілді.
Дәулет КҮДЕБАЕВ,
Қызылорда облысы бойынша МКД
көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл басқармасының
бөлім басшысы