ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТТА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
2016 жылдың 18 қаңтар күні Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Аудио, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, сақтау, жою және оған қол жеткізу қағидалары» тақырыбы бойынша семинар-тренинг өткізілді.
Іс-шараға сот төрағасы С.Сүлеймен, судья А.Сабыров, кеңсе меңгерушісі Қ.Сарсенбаева және сот қызметкерлері қатысты.
Семинарды сот төрағасы С.Б.Сүлеймен ашып, бүгінгі таңда сот саласында көптеген жаңа заманауи технологиялармен жұмыс істеп отырғандығын айтып, сөз кезегін баяндамашы сот жасауылы Т.Ақпанбетовке берді.
Баяндамашы Т.Ақпанбетов Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2015 жылғы 24 қарашадағы №6001-15-7-6/486 бұйрығымен бекітілген «Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу қағидаларының тәртібіне сай, сот отырыстарын аудио-, бейнежазбаға түсіру сот талқылауы барысын дәл тіркеу үшін сот ісін жүргізу мақсатында сондай-ақ азаматтық, қылмыстық сот істерін жүргізуде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде немесе тәртіптік іс бойынша іс жүргізу шеңберінде нақты деректерді белгілеу мақсатында пайдаланылатындығын атап өтті.
Сонымен қатар:
- бірінші сатыдағы соттың әрбір сот отырысының барысы аудио-, бейнежазбаға түсірілетіндігін;
- апелляциялық сатыдағы соттың сот отырысында аудио-, бейнежазба ҚР ҚПК-нің талаптарына сәйкес қылмыстық іс бойынша жаңа дәлелдемелерді зерттеген, сотталған (ақталған) адамнан, куәдан, жәбірленушіден, сарапшыдан, маманнан және басқа да адамдардан жауап алғанда жүргізілетіндігін;
- кассациялық сатыдағы сотта хаттама, қысқаша хаттама, сот отырысының аудио-, бейнежазбасы жүргізілмейтіндігін;
- Сот отырысының хатшысы сот отырысы басталғанға дейін сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарының жұмысқа жарамдылығын тексеретіндігін;
- егер техникалық ақаулықтар салдарынан сот отырысы барысының аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалану арқылы хаттамалау мүмкін болмағаны немесе сот отырысының аудио-, бейнежазбасы жүргізілмегені анықталса, акт жасалатындығын;
- бірінші сатыдағы сотта актіге сот отырысының хатшысы мен аудандық және оларға теңестірілген сот кеңсесінің меңгерушісі қол қойып, ол сот отырысының хаттамасына қоса тіркелетіндігін;
- іске қоса тіркелген сот отырысының аудио-, бейнежазба көшірмелерінің сақталуына, судьяның істі қарау кезеңінде және істі мұрағатқа өткізгенге дейін сот отырысының хатшысы, іс мұрағатқа тапсырылған сәттен бастап сот мұрағатшысы қамтамасыз ететіндігін;
- мұрағатшы істі қабылдаған кезінде іс материалдарына қоса тіркелген материалдық (электрондық) жеткізгіште сот отырысының аудио-, бейнежазба көшірмелерінің болуын тексеретіндігін;
- сот отырысының аудио-, бейнежазбалары соттың деректерді сақтау серверінде сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап 1 (бір) жылдан кем емес уақыт сақталады және аудио-, бейнежазба жазылған материалдық (электрондық) жеткізгіштің сақталу мерзімі істердің сақталу мерзімдеріне сәйкес келетіндігін;
- іс жабық сот отырысында қаралған жағдайда, іске қатысушы адамдарға және олардың өкілдеріне сот отырысының аудио-, бейнежазбасы берілмейтіндігін, оларға сот отырысының аудио-, бейнежазбасымен таныстыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі сотта жүргізілетіндігін;
- сот отырысы аудио-, бейнежазбасының көшірмесін сотқа өтінішхат келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде беретіндігін айтып өтті.
Одан кейін, баяндамашы сот залында аудио-, бейнежазба құралдарымен жұмыс жасау барысын көрсетті.
Семинар жұмысын қорытындылап, сот төрағасы жоғарыда аталған қағиданы жұмыс барысында сақтап, орындауды қатаң тапсырды.
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметі