ҚАЛА ЖӘНЕ АУДАН ИМАМДАРЫ АЛДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖОСПАРЛАДЫ
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде қала және аудан имамдарының жиналысы өтті.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиналысты орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров жүргізді. Жиналыстың күн тәртібінде бірнеше мәселелер қаралды. Атап айтар болсақ, уағыз-насихат жұмыстарын күшейту, жат ағымдардың жетегінде жүргендермен жұмыс жасау, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу мәселелері сөз болды.
Сонымен қатар, 24 қаңтар күні өткізілетін облыстық Мәуліт мерекесіне дайындық шаралары пысықталды. Бас имам Т.Омаров 2016 жылы ҚМДБ-ның тарапынан болған тапсырмалар мен алдағы жоспарлардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қадағалау туралы да сөз етті.