«ТАЗА АЙМАҚ» ШАРАСЫНЫҢ БІРІНШІ КҮНІНДЕ 403 ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ
Жергілікті полиция қызметінің ұйымдастыруымен 18-20 қаңтар аралығында облыс көлемінде «Таза аймақ» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Шараның бірінші күнінде облыс бойынша 403 құқықбұзушылық анықталды. Мәселен, Шиелі кентіндегі қазынашылық бөлімінің алдында темекі шегіп тұрған азамат ұсталды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 441-бабына сәйкес 6 мың теңгеден астам айыппұл салынды.
Дәл осындай дерек қала орталығында да болды. «КамАЗ» маркалы автокөлігімен көмір сатып, белгіленбеген орында сауда жасап жүрген 22 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 204-бабына сәйкес хаттама толтырылып, ескерту жасалды.
Сонымен қатар түнгі сағат 23:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін жеке тұрғындардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіру жауапкершілігі заңмен белгіленген. Алайда Қызылорда қаласы, Титов қыстағының 26 жастағы тұрғыны түнгі уақытта шу шығарып, көшенің бойында тұратын басқа азаматтардың түнгі тыныштығын бұзғаны анықталды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 437-бабына сай хаттама толтырылып, 10605 теңге көлемінде айыппұл салынды
Қызылордалық полицейлердің қоғамдық орындар мен көшелерде қоғамдық тәртіптің сақталуын, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстары әрі қарай осы бағытта жалғасатын болады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі