ОБЛЫСТЫҚ ОНКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНДА 15 ТӨСЕК ОРЫНДЫҚ БӨЛІМ АШЫЛДЫ
Өршіген аурулармен зардап шегетін пациенттердің өмір сүру сапасын және жалпы жай-күйін жақсартуға бағытталған іс-шараларды уақытылы жүргізу мақсатында Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен облыстық онкология орталығында паллиативтік көмек көрсететін 15 төсек орындық бөлім ашылды. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда 11 науқас ем алып жатыр.
Паллиативтік бөлім мақсаты инкурабельді онкологиялық науқастарға симптомикалық (паллиативтік) ем жүргізуге, ауырсынуды басудың қажетті емін таңдау жасауға, оларға күтім жасауға, медициналық-әлеуметтік қалыпқа келтіруге және олардың туысқандарына ауру кезінде және туғанынан айырылған жағдайда психологиялық көмек көрсететін бөлім.