УПИ «БІРЫҢҒАЙ ПРОФИЛАКТИКА КҮНІ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫН ӨТКІЗДІ
Қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, азаматтардың еркіндігі мен заңды мүдделерінің қорғалуын қадағалау мақсатында «Мерей» мөлтек ауданында орналасқан №4 учаскелік полиция пункінде «Бірыңғай профилактика күні» қысқа мерзімді жедел-профилактикалық шарасы өтті.
Шараға Жергілікті полиция қызметінің 15 учаскелік полиция инспекторлары, 10 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлары жұмылдырылды. Кешкі 19.00-ден түнгі 01.00-ге дейін жалғасқан акция барысында полиция пункінде профилактикалық және тізімдік есепте тұратын 121 азамат мекенжайларынан тексеріліп, олармен қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық мәні бар әңгімелер жүргізілді.
Сонымен қатар, Мерей мөлтек ауданында орналасқан көп қабатты үйдің тұрғындары тексеріліп, онда тұратын 289 тұрғынның тізімдері алынып, оларға учаскелік полиция инспекторларының визиттік кәртішкелері таратылды. Ауланың подъездеріне учаскелік полиция инспекторлары жайлы мәліметтер көрсетілген плакаттар ілінде.
Аталған әкімшілік аумақта орналасқан дүкендер, кафелер және сауналар тексерілді.
Іс-шара барысында әр түрлі құқық бұзушылықтарға жол берген 34 азамат анықталып, оларға қатысты тиісті әкімшілік шаралар көрілді.
Аталған шара әр аптаның жұма күні қала аумағында орналасқан басқа да учаскелік полиция пунктерінде өткізіледі деп жоспарланып отыр.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі