ЖАҢА ЕҢБЕКТЕР – ЕЛ НАЗАРЫНА
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Мәңгілік елдің мәдени құндылықтары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, - деп жазады кітапхана сайты.
Оқырмандар назарына өнердің барлық саласы – музыка, би, сәулет, театр, кино, қолөнер тақырыбына жазылған кітаптар, альбомдар, ноталық басылымдар ұсынылды. Қазақ халқының әлем мойындаған өнер жұлдыздары Шәкен Айманов, Мұқан Төлебаев, Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Нұрмұхан Жантөрин, Әмина Өмірзақова, Роза Бағланова секілді өнер шеберлеріне арналған кітап-альбомдар зор қызығушылық тудырды.
Оқырмандар танысқан «Қазақстан сәндік өнері. ХХ ғасыр» атты альбом-кітап қазіргі кезеңдегі Қазақстанда сәндік-қолданбалы өнердің тамаша туындыларын жасаған маңдайалды шеберлердің шығармашылығына арналған. Кітапта зергерлік өнер, металл мен қару-жарақ, керамика, шыны мен фарфор, музыка аспаптары, тері өңдеу, киізден жасалған көркем дүниелер, өзге де қолөнер түрлері қамтылған.
Пайдаланушылардың сұранысына ие, өнертанушы-этнограф З.Жәкішеваның «Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары» атты кітабының 1-ші бөлімі ел өмірі мен тарихының, өнері мен мәдениетінің ажырамас байлығы, төл мұрасы саналатын қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары туралы баяндайды. Кітап көркем безендірілген. 2-ші бөліміне аспаптармен байланысты болып келетін аңыз-әңгімелер, наным-сенімдер мен халықтық ұстанымдар енген.
Ш.Тохтабаеваның «Қазақтың зергерлік өнері» атты құнды фотосуреттермен безендірілген кітабы көне заманнан келе жатқан қолөнердің бір саласы – зергерлік өнеріне арналған.
Тәуелсіз Қазақстанның мәдениеті мен өнерін насихаттауға бағытталған кітап көрмесімен кітапхана оқырмандары - студенттер, оқушылар мен жалпы өнер сүйер қауым танысты.