МЕКТЕП МЕРЕЙІН ҮСТЕМ ЕТТІ
Байқоңыр қаласындағы №272 орта мектеп оқушылары мен ұстаздары ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған республикалық байқауда жүлделі орындар иеленді.
Білім алушылар арасында қашықтықтан өткізілген «Мен Қазақстанды сүйемін!» тақырыбындағы республикалық интернет-байқауда суреттер байқауы номинациясында Аида Досымбекова мен Шаттық Серікбаева III орын алды. Олардың жетекшілері – бастауыш сынып мұғалімдері Сәрсенгул Тоқсанбаева, Жаңагүл Тойбазарова алғыс хатпен марапатталды.
- 11 сынып оқушысы Медғат Бердалы шығарма жазу номинациясында III дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мереке Қайнароваға алғыс хат табысталды, - дейді мектеп директорының орынбасары Данасұлу Жұмағазиева.
Мектеп мақтаныштары Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығы мен Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына орай «Платон» халықаралық дамыту орталығы ұйымдастырған «Біздің ғұламалар» атты республикалық байқауда да ұжым мерейін үстем етті. 10 сынып оқушысы Арайлым Мұханбетова III орынға лайық деп танылып, дипломмен марапатталды.