ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ЕЛБАСЫНЫҢ МАҚАЛАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Сәуле Өтегенова «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Жаңа күн» бағдарламасына сұхбат берді.
Тікелей эфир арқылы өткен бағдарламада Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласы талқыланды. Аталмыш мақала «Ұлт жоспары – бес реформаны жүзеге асыруға арналған 100 нақты қадам» бағдарламасы аясында жарияланған.
Судья Сәуле Өтегенова хабар барысында «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» шеңберінде мемлекеттің құқықтық жүйесін қалыптастыратын 19 нақты қадам қарастырылып, олардың 11 қадамы мемлекеттің сот жүйесін реформалауға бағытталғанын айтып өтті. Сонымен қатар, бағдарламада қылмыстық құқық бұзушылық картасы интернет-порталы құрылатынын, осы веб-ресурсқа елдегі барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар жедел енгізіліп, бұл жұртшылықтың құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін бақылауына мүмкіндік беретіні, судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту жайлы сөз болды.
Ұлт жоспарындағы 20-қадамды орындау бойынша бүгінде Қызылорда облысы соттарында сот процестеріне аудио-бейнежазба жүйесін енгізу 100% жабдықталған.
Бағдарламада Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мақаласындағы өзге де өзекті мәселелер қозғалды.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі