ДИАФРАГМАЛЫ ЖАРЫҚ ДИАГНОЗЫ ҚОЙЫЛҒАН АРАЛДЫҚ СӘБИДІ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ
Қызылордалық дәрігерлер диафрагмалы жарық диагнозы қойылған аралдық сәбидің өмірін сақтап қалды. Туылғаннан оған дем жетпеген. Аудандық аурухананың дәрігер-неонатологы Самал Серікбаева, реаниматологы Айболат Әлібеков дереу оны құтқарып қалуға кірісті.
Диафрагмасындағы ақауға байланысты кішкентай пациенттің кейбір ішкі ағзалары көкірек тұсына қарай жылжыған. Содан да тынысы тарылған. Мұндай жағдай Аралда алғаш рет кездесіп отыр.
Санавиацияның көмегімен сәби облыстық медициналық орталықтың балалар хирургиясы бөліміне жеткізілді. Отаны бөлім меңгерушісі Аман Нұрымов, неонаталды хирург Болат Махамбетияров, анестезиолог-реаниматолог Жандос Бөлекеев жасады.
Қазіргі уақытта сәбидің жағдайы қалыпты. Ата-анасының ақ халатты абзал жандарға алғысы шексіз.