ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА АЛАЯҚТЫҚ ДЕНДЕП БАРАДЫ
Бүгінде қоғамда алаяқтық белең алып барады, деп хабарлады «24 кз». Мәселен, өткен жылы Қызылорда облысы бойынша алдап-арбап, сан соқтырудың мыңнан астам дерегі анықталған. Құқық қорғаушылардың жедел ақпаратына сүйенсек, осы санаттағы қылмыстардың күніне бесеуі тіркеледі. Жаңа жылдың осы өткен 10 күнінде біреудің меншігі мен қаржысына алаяқтық жолмен қол жеткізуді көздеген 38 жағдай орын алған. Алаяқтар негізінен азаматтарды пәтер, несие және жер телімін алып беремін деп алдап, ақшасын алады да, сан соқтырып кетеді. Арамза айлакерлердің жұмысқа тұрғызамын деген уәдесіне иланып, тірнектеген тиынын беріп, артынан бармақ тістеп қалғандар да аз емес.
Дархан Құрмантаев, облыстық прокуратураның басқарма прокуроры:
- Осы санаттағы қылмыстар негізінен 21-39 жас аралығындағы әйел азаматтармен жасалуда. Осы қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген ҚР ҚК 190-бабына сәйкес 2 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сондықтан азаматтардан қандай да бір келісімшарт жасау барысында заңгерлерден кеңес алып, сақтық шараларына аса көңіл бөлуді сұраймыз.