ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ӨЛІМ-ЖІТІМНІҢ НЕГІЗГІ СЕБЕБІ – ҚАН АЙНАЛЫМЫ ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ
2015 жылдың 1 желтоқсанына қызылордалықтардың жалпы саны (алдын ала деректер бойынша) 763,9 мың адамды құрады. Соның ішінде қала халқы – 332,9 мың, ауыл халқы – 431,0 мың адам, - деп хабарлады облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметі.
Қалалық тұрғындар үлесіне – 43,6%, ауылдықтар үлесіне 56,4% тиесілі. 2015 жылдың қаңтар-қараша айында туылғандар саны – 18 071. Бұл 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 821 адамға аз. Халықтың туу коэффициенті 1000 тұрғынға есептегенде 27,66-ден 26,02-не төмендеген.
2015 жылдың қаңтар-қараша айында облыста өлім көрсеткіші 4 067-ні құрап, 81 адамға азайды (2014 жылдың қаңтар-қараша айында – 4 148 адам). Ал жалпы өлім көрсеткішінің коэффициенті әрбір 1000 тұрғынға шаққанда 6,07-ден 5,86-ға азайған. Өлім-жітімнің негізгі себебі – қан айналымы жүйесінің аурулары (23,4%).