«ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫНЫҢ 1 КҮНІНДЕ 436 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ
2016 жылдың 11-14 қаңтар аралығында қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу мақсатында облыс көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның 1 күнінде жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзудың барлығы 436 дерегі тіркелді. Оның ішінде, көлік құралын мас күйінде басқару бойынша (608-бабы) – 5, көрінеу немесе жалған мемлекеттік белгісін тағып жүру бойынша (590-бабы, 4-бөлігі) – 2, техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқарғаны үшін (590-бабы, 9-бөлігі) – 17, көлік құралын басқару кезінде телефонды немесе радиостанцияны пайдалану бойынша (591-бабы)-88, белгіленген жүру жылдамдығын арттыру бойынша (592-бабы) – 27, қауіпсіздік белдігін тақпау бойынша (593-бабы, 1-бөлігі) – 112, маневр жасау қағидаларын бұзу бойынша (595-бабы) – 24, жүргіншілерге немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларының жүруіне басымдық бермеу (600-бабы) – 7, жол жүрісі қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан құқық бұзушылығы (606-бабы) – 5, басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы бойынша (612-бабы, 1-бөлігі) – 30, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережесін бұзуы бойынша (615-бабы) – 21 құқық бұзушылық анықталды.
Сонымен қатар, жолаушыларды тасымалдау қызметімен айналысатын көлік жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзудың 21 дерегі тіркелді.
Жалпы, облыс көлемінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Қауіпсіз жол» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы қаңтар айының 14-не дейін жалғасатын болады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі