СОТ ҚАРЫЗ АҚШАНЫ ӨНДІРУ ТУРАЛЫ АРЫЗДЫ ҚАНАҒАТТАНДЫРДЫ
Талапкер «КФК «Медсервис Плюс» ЖШС-гі жауапкер «Алма Дент» ЖШС-нен берешек 358974 тенге және 10770 теңге төленген мемлекеттік бажды өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.
Тараптар «КФК Медсервис» ЖШС-і мен «Алма Дент» ЖШС-і арасында 05.07.2015 жылы №14 келісім шарты жасалған. Келісім-шарттың 1.1 тармағына сәйкес, жеткізуші тауарды жеткізеді, ал сатып алушы тауарды қабылдап, төлеуі керек.
Келісім шарттың 1.1 тармағына сәйкес, талапкер өзіне жүктелген міндеттерді толық орындаған. Алайда, жауапкер өзіне жүктелген міндеттерді тиісті түрде орындамай, яғни сатып алынған тауарлардың ақысын толық төлемей, келісім шарт талаптарын орындамаған. Жауапкердің талапкерге берешегі 358974 тенгені құраған.
ҚР АҚ-нің 272 бабына сай, міндетеме - міндетеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиіс.
Бірінші саты соты тараптардың түсініктерін тыңдап, азаматтық іс материалдарын зерделей келе, талапкердің талап арызын қанағаттандыру туралы сырттай шешім шығарды.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі