БҮГІН - БҮКІЛӘЛЕМДІК «РАХМЕТ» КҮНІ
11 қаңтар жылдың ең «әдепті» күні болып саналады - бұл күні Бүкіләлемдік «Рахмет» күні тойланады. БҰҰ мен ЮНЕСКО-ның бастамасымен пайда болған бұл мерекенің өзіндік мағынасы мол, өйткені бұл мерекені азаматтығына, ұлтына, діни сенімдеріне қарамастан бүкіл әлем болып тойлайды.
Әрине, жылдың әр күні сыпайы болуға тырысуымыз керек. Алайда, көп жағдайда алғыс айтуды ұмытып, немесе оған ерекше көңіл бөлмейміз. Алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар - олар арқылы біздер бір-бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді білдіреміз, жақсы эмоциялар сыйлаймыз. Көптеген туристік жолсілтемелерде рахмет сөзін ерекше көрсетіп, тіпті, оны сол тілге тән акцентпен айтылуын ерекше атап өтеді. Ғалымдардың айтуы бойынша, рахмет сөзін айту - адамдар арасында жақсы қатынас орнатады. Орыстың "спасибо" сөзі 16 ғасырда «спаси Бог» дегеннен шыққан екен. Ағылшындардың «Тhank you» тіркесі де жай алғыс айту сөздері ғана емес екен. Ал арабтың «рахмет» сөзі қазақтың «шүкір» деген сөзімен мәндес көрінеді. Осыған қарап, қай тілде болмасын, рахмет сөзі әр халықтың тіл мәдениетінде үлкен орын алатыны көрінеді. Психологтардың айтуы бойынша, алғыс сөздері - адамды тыныштандыру, жүрегін жылытудың бірден-бір амалы. Бастысы, алғысыңыз жүректен шығуы шарт.
Алғыс айтудың да жөн-жорасы бар көрінеді. «Рахмет» деген сөзді ерекше толқыныспен, шынайы түрде интонациялық екпін беріп айтқан және сөзіңді арнап отырған адамның көзіне тікелей қарап айтқан дұрыс, дейді әдеп ғылымының мамандары.
«Қазақпарат»