ОТБАСЫНДА ҚҰҚАЙ КӨРГЕН ӘЙЕЛДЕР МЕН БАЛАЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ – ОРТАЛЫҚТЫҢ МАҚСАТЫ
Қызылордадағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер мен балаларға арналған «Жан» дағдарыс орталығы жұмысын өткен жылдың қазан айында бастаса да оның көмегіне жиырма шақты адам жүгініп үлгерді.
Игі бастама «Шағын кәсіпкерліктегі әйелдер» қоғамы мен БҰҰ-ның Даму бағдарламасы аясындағы «Инновациялық әдістерді қолдану арқылы Қызылорда облысының халқына, оның ішінде әлеуметтік әлжуаз топтарға экологиялық, әлеуметтік, экономикалық көмек көрсету, тұрғындардың әл-ауқатын, өмір сүру сапасын жақсарту» жобасы бойынша қолға алынды. Бұл үшін арнайы грант бөлінді.
- Жұмысымыздың басты бағыты – отбасында құқай көрген әйелдер мен балаларға заңдық, психологиялық, әлеуметтік көмек көрсету. Іскерлік және құқықтық сауаттандыру арқылы нәзік жандылардың азаматтық белсенділігін арттыру, - дейді орталық директоры, «Шағын кәсіпкерліктегі әйелдер» қоғамының жетекшісі Салтанат Сыздықова.
Жобаның жүзеге асырылу мерзімі – биылғы наурыз айына дейін психологиялық тренингтер, семинарлар ұйымдастыру жоспарланған. Дағдарыс орталығында келушілерге қолайлы жағдай жасалған. Жатын орындар, асхана, демалыс бөлмелері жақсы жабдықталған.
- Осы уақыт ішінде жиырма шақты адам хабарласып, мамандардың көмегіне жүгінді. Орталыққа келіп, қонып кеткендер де болды. Сөйтіп, сабасына түскен. Әйелдердің көбі күйеуі алимент төлемегендіктен немесе банктен алған несиені өтей алмағандықтан араларында ұрыс-керіс пайда болып, «ажырасамға» басады. Біз оларды сабырға шақырып, шаңырақтың шырқын бұзбауға көндіреміз. Абырой болғанда, ажырасуға дейін барған жағдайлар болған жоқ, - дейді орталық директоры.
Көмек сұраушылар қатарында отбасында зорлық-зомбылық көрген балалар да табылады. Олардың арасында ақпараттық-насихаттық шаралар жүргізіліп тұрады. Мысалы, жуырда ішкі істер органдарымен бірлескен «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» шарасы өтті. Орталықта, жалпы, психолог, медицина қызметкері, аяжан, заңгер, адвокаттар жұмысқа тартылған. Олар жан күйзелісіне ұшырағандарға қолдау көрсетуге әзір. «Жоба аяқталған соң қалай болады?» деген сұрағымызға Салтанат Сыздықова көпшілік үшін пайдалы жұмысты жалғастыруға мүдделі, бірлесе күш жұмсаудан аянып қалмайтындар табылатынынан үмітті.
Назерке САНИЯЗОВА