ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ КӘСІБИ ФОТОГРАФ
Қаламыздағы тәжірибелі кәсіби фотографтардың бірі - Болат Омарәлиев әлеуметтік желідегі ең танымал адамдардың тізіміне ілікті. Бес мыңнан астам оқырманы бар қарияның парақшасы жастарды несімен қызықтырды? "Қазақстан-Қызылорда" телеарнасының тілшісі Аягөз Қожақова білді.
Болат Омарәлиев – жетпістің желкенін керсе де, қариямын деп қарап отырмайды. Жаңашылдыққа жаны құмар. Әлеуметтік желіні тұрақты әрі тиімді пайдаланушы. Бүгінде ғаламторда бес мыңнан астам оқырманы бар. Оның жарияланымдары түрлі бағытты қамтиды. Негізінен өнер және қоғам қайраткерлерінің елге белгісіз қырларын ашып, дәйекті дерекпен жаңа қырынан таныстырып отырады.
Болат Омарәлиевтің обьективіне іліккен әрбір кадр құнды. Кейбір туындыларына қарап тарих тұңғиығына батасың, енді біріне қарап ләззат аласың. «70-ші жылдардан бергі дүниелерім архивте шаң басып қалғанша, көпшіліктің көзайымы болғанын қалаймын, дейді фоторгаф. Ал, әлеуметтік желіде жиі отыратын жастар көне суреттердің тарихына көп үңіледі, дейді фотограф.
«Сыр бойы» облыстық газетінің бұрыңғы фотокорреспондентінің суреттер қоры өте үлкен. 17 жасынан бастап түсірген жұмыстары бүгінде электронды құрылғыларда сақтаулы. Мәселен, «Отанына оралу» атты фото Ауған қазақтарының туған жерге табан тіреген сәтінде таспаға алынған. Тарихи картина әлеуметтік желі қолданушылар арасында кеңінен танымал болды. Тіпті,300-ге жуық фейсбукерлер араб, қытай тілдеріндегі тәржімамен көшіріп басқан.
Сыр фоторгафының әлі де сыры ашылмаған тарихи фотожинақтары талайды тамсандырары анық. Болат Омарәлиев оны әлеуметтік желідегі «достарымен» бөлісуге әзір. Айта кетейік, сүйікті неремесі Әбу де атасының ізінен еріп кәсіби фотограф болуға ниеттеніп жүр.
«Қазақстан-Қызылорда»