ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ ЖӨНІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«Отбасы күні» мерекесі қарсаңында отбасының рөлі мен отбасына деген құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында Қызылорда қаласында ішкі саясат және білім бөлімдерінің ұйымдастырумен «Отан – отбасынан басталады» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесуге қаладағы мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар және 11 сынып оқушылары қатысты.
Шара барысында Қызылорда облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов, "Ақ босаға" қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры Меруерт Аңсатова отбасындағы бала, жалпы жастар тәрбиесі, «Дәстүрлі қазақ отбасындағы және ұрпақ тәрбиесіндегі әйел аналардың рөлі», «Отбасылық құндылықтардың исламдағы рөлі» тақырыптарында жастармен пікірлесті.