«ҚЫЗЫЛ ЖАРТЫ АЙ» ҚОҒАМЫ БАЛАЛАРДЫ ҚУАНТТЫ
«Қызыл жарты ай» қоғамының Қызылорда облыстық филиалы тұрмысы төмен отбасылар мен ата-анасынан айырылған 185 балаға қайырымдылық көмегін көрсетті, - деп жазады облыстық «Кызылординские вести» газеті.
Әр балаға бір айға 50 доллардан есептелген жылдық жәрдемақы салынған конверттер табысталды. Облыс бойынша 33 миллион 125 мың 112 теңге үлестірілді. Біріккен Араб Әмірліктерінің «Қызыл жарты ай» қоғамы жолдаған жәрдемақы қызылордалық балғындарға кәмелетке толғанға дейін беріледі.
Жанар Әлімова егіз ұлдары – Елнар және Ернармен бірге күйеуі қайтыс болғаннан бері екінші жыл қатарынан осындай көмек алып келеді. Жалғызілікті келіншекке алты баланы асырау оңай емес. Тұрақты табысы да жоқ. Жанар – үй шаруасындағы әйел. Жаңа жыл қарсаңында «Қызыл жарты ай» қоғамының қайырымдылығы үлкен қолдау болды. Бұл ұйымға Анар Ертілеуованың да алғысы шексіз. Ол екі баласы үшін атаулы көмек алады.