«ҚАЙСАР" БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНДА БОЛДЫ
«Қайсар» футбол клубының ұжымы мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық көрсетті, деп хабарлайды "Сыр бойы" газеті сайтының тілшісі.
Клубтың басшылығы, бапкерлік құрамы мен футболшылары Қызылорда қаласындағы облыстық №2 балаларды оңалу орталығында болып, бүлдіршіндердің хәл-жағдайын сұрады. Сондай-ақ, «Қайсар» клубы арнайы қаражат бөліп, мүмкіндігі шектеулі балғындардың ақыл-ойын дамытатын психологиялық-сенсорлық кабинетті қажетті құрал-жабдықтармен жасақтап берді. Ал, балғындар болса, футболшы ағаларына би билеп, ән шырқап, өнерлерін паш етті.
Орталықтың басшысы Перизат Жұматованың айтуынша, оңалту орталығы 2005 жылы ашылды. Мұнда тағдырдың жазуымен дүниеге келмей жатып немесе туылғаннан кейін денсаулығында, жан дүниесінде ақау пайда болған балалар – даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер емделуде. 9 жылда 30-дан аса бала емделіп, тіркеуден шығарылған. Қазіргі таңда бұл орталықта 60 бала бар. Клуб орталыққа жаңа оқу жылының басында сенсорлық кабинетті жабдықтап, сыйға тартып отыр. Бұл балалардың психологиялық-педагогикалық тұрғыда түзелуі мен ақыл-ойының дамуына оң әсерін тигізері сөзсіз.
"Қайсар" футбол клубының директоры Руслан Балтиев мүмкіндігі шектеулі балаларға алдағы уақытта да қайырымдылық көмек көрсетілетінін жеткізді. Команданың капитаны Кирилл Шестаков оңалту орталығына «Қайсар» футболшыларының қолдары қойылған суретті естелікке берді. Ал шабуылшы Елжас Алтынбеков алдағы ойындарда салатын голдарымды осындағы балаларға арнаймын дей келе, балғындардың тезірек емделіп кетуіне тілектестік білдірді.