ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
2015 жылдың 30 желтоқсанында Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс орталығында Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобынан.
Аталмыш отырысқа департаменттің ардагерлер кеңесінің және осы Қоғамдық кеңестің төрағасы Тұңғышбай Ботабаев, қалалық Нұр Отан» партиясының бөлім бастығы Төлеқожа Мансұр, Қызылорда кәсіпкерлік ассоциациясының атқарушы директоры Клара Жанғабылова, «Сыр дидары» газетінің бас редакторы Сәкен Алдашбаев, «Сыр дидары» газетінің құрылтайшысы Ағыбай Орынбаев, ТЖД Кадр жұмысы бөлімі бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Вероника Цой, Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Ғани Імбетов, «Оңтүстік өңірлік аэромобилдік жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі Кадр жұмысы тобының бас инспекторы Сара Жақанова қатысты.
Кеңес отырысын Қоғамдық кеңестің төрағасы Тұңғышбай Ботабаев алғы сөзбен ашты. Одан соң Кадр жұмысы бөлімінің бастығы департаменттегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау жөнінде жүргізілген жұмыстар туралы баяндама оқыды.
Сонымен бірге «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Ғани Імбетов, «Оңтүстік өңірлік аэромомбилдік жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі Кадр жұмысы тобының бас инспекторы Сара Жақановаға да сөз кезегі беріліп, жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау жөнінде жұмыстарға тоқталды.
Мұнан соң Қызылорда кәсіпкерлік ассоциациясының атқарушы директоры Клара Жанғабылова баяндамашыларға сұрақтар қойып, алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлықты болдырмау бағытында жұмысты жалғастыру туралы өз пікірін білдірді.