«АТАМЕКЕН» БАЛАЛАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ЖАҢАЖЫЛ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиал директоры А.Әбибуллаева «Сыр мейірімі» қоғамдық қорымен бірлесіп Қызылорда қаласындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жеткіншектерге арнап ашылған отбасы үлгісіндегі балалар ауылына барып, оның тәрбиеленушілерін Жаңа жылмен құттықтады.
«ХҚКО ұжымы әрдайым балаларға барынша көмек көрсетеді. Балалар ауылының тәрбиеленушілерін Жаңа жылмен құттықтай отырып, 2016 жыл табысты, берекелі, жақсылығы мен жаңалығы көп жыл болсын деген тілек білдіремін» - деп Филиал директоры ізгі ниетін білдіре отырып, балаларға сый-сыяпат пен тәттілер табыстады.