ЖАҢА ЖЫЛДЫҢ ЕСІГІН ИГІ ІСТЕРМЕН АШПАҚ
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы Жаңа 2016 жылдың есігін игі істермен, қайырымдылық іс-шараларымен ашқалы отыр.
Басқарма тарапынан Жаңа жыл қарсаңында қаламыздың Мерей м/а мен Қызылжарма ауылының аз қамтамасыз етілген көмекке мұқтаж екі отбасына азық-түлікпен қатар, оқушы балаларына қыстық аяқ киім мен планшет табысталды.
Өз кезегінде қайырымдылық көрсетілген отбасы мүшелері облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы мен басқарма қызметкерлерін алдығы Жаңа жылмен құттықтап, отбасыларына амандық, жұмыстарына табыс тіледі.
Осыған дейін де басқарма бастамасымен 256 отбасына аудан және қала тауарөндірушілерінің және кәсіпкерлерінің демеушілігімен азық-түлікпен қайырымдылық көмегі көрсетілген болатын.
Мұндай игі істер алдағы жылда да жалғасатын болады.