МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ГРАНТТАР ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ
Жаңа жыл қарсанында Қызылорда қаласында «Жұлдыздарға қара» қайрымдылық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге гранттар табыстау рәсімі өтті.
«Жұлдыздарға қара» жобасы Даму қоры және «Құс жолы» корпоративтік қайрымдылық қорымен бірлесіп жүзеге асырылады.
Жеке кәсібін ашу және дамыту үшін 4 мүгедек кәсіпкер грант алды. Екінші раунд бойынша Оспанова Бахыткүл, Сүлейменов Нұрхан, Қаржауов Алтынбек және Жалмағанбетова Кенжегүл жеңімпаз аталып өздерінің бизнес-идеяларын дамытуға мүмкіндік алды.
Оспанова Бахыткүл 300000 теңге көлемінде шаштараз ашу үшін қайтарымсыз грант ұтып алды. Бахыткүл 2 топтағы мүгедек болып табылады, 18 жастан бастап ол шаштараз болып жұмыс жасайды. Грант қаражатына оның сұранысы бойынша шаштаразға жихаз және құрал жабдықтар сатып алынды.Оспанова Бахыткүлдің айтуынша «Жұлдыздарға қара» бағдарламасы оған өз шаштаразын ашу бойынша өзінің бұрыннан келе жатқан арманының орындалуына мүмкіндік берді.- Мен ынғайлы ғимарат тауып оны жалға алуға байланысты иесімен келісіп те үлгердім, енді міне бүгін өз ісімді бастау үшін барлық қажетті құрал жабдықтарды «Даму» қорынан және «Құс жолы» қайрымдылық қорынан алып отырмын. Бүгінгі күні осындай мүмкіндік бергені үшін рахмет айтқым келеді,- дейді Бахыткүл Оспанова.
Жалағаш ауданы, Аксу ауылының тұрғыны, Нұрхан Сүлейменов грантқа иеленді, аталған грант аяқ киім жөндеу шеберханасына құрал-жабдық алуға жұмсалды. 2008 жылы жол апаты нәтижесінде мүгедек болып қалғанына қарамастан, Нұрхан Сүлейменов 4 баласын асырау үшін аяқ-киім жөндеуді үйреніп,осы істі кәсіп етіп келеді. Алайда өз шеберханасын ашуға қажетті тігін-машинасы мен басқа да құрал-саймандарды алуға қаражаты болмағандықтан, Нұрхан Сүлейменов осы уақытқа дейін жалданып жұмыс істеп жүр. Енді, міне бүгін бастауыш кәсіпкердің өз ісін ашуға жол ашылып, грант қаржатына барлық қажетті заттар табысталды.
Тағы да бір грант алушы Алтынбек Қаржауовтың он саусағынан өнер тамған жан. Алтынбек 2 –ші топ мүгедегі, ол конкурсқа қатысуға комиссия мүшелеріне үш жоба ұсынған, соның ішінде бір ауыздан оның сантехникалық қызмет көрсету бойынша жобасы мақұлданып, грант қаражатына қол жеткізіп отыр. Оның айтуынша, бүгінгі таңда сантехникалық қызметтерге тұрғындар арасынан тапсырыстар өте көп, алайда олардың сұранысын қанағаттандыру үшін көптеген арнайы құрал-жабдықтар қажет. Бүгін Алтынбек Қаржауовтың кәсібін дөңгелетуге қажетті құны 230000 теңгені құрайтын құрал-саймандар табысталды. – Шынымды айтсам, қуанышымда шек жоқ, жаңа жыл қарсаңында осындай сыйлық алу біз үшін үлкен бақыт. Осы уақытқа дейін таныстарымнан сұрап алып жұмыс жасап жүргенмін, енді міне барлық қажетті құрал өз иелігімде де болатын болды,-деп өз ойымен бөлісті бастаыш кәсіпкер.
Қазалы ауданының тұрғыны мүгедек кәсіпкер Кенжегүл Ақмағанбетованың да жолы болды., себебі ол да «Жұлдыздарға қара» жобасының 2-ші раундының жеңімпаздары қатарында. Грант қаражатына оның шағын тігін цехына қажеттіарнайы тігін машинасы мен үтік алынды.
«Жұлдыздарға қара» қайырымдылық жобасы – мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған және олардың жеке өзіндік бизнес-идеяларын іске асыру мақсатында және әлеуметтік теңсіздікті төтеп беруде ақшалай гранттарды беру арқылы кәсіпкерлікті дамыта отырып, олардың талпыныстарын қолдауға бағытталған.