САЛЫҚ САЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін семинар өткізді. Семинарда алдағы жылы қолданысқа енгізілетін бірнеше заңнамалық жаңалықтар таныстырылды.
Олардың қатарында: 1) Арнайы салық режимдерін қолдануға байланысты жаңалықтар; 2) Жекелеген тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде өткізудің кейбір мәселелері; 3) Қазақстан Республикасының БСҰ мүше болуына орай ЭШФ міндеттелуі; 4) Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға оңалту рәсімін қолдану және банкрот деп тану туралы қатынастарын реттеу туралы; 5) Бақылау-кассалық машиналарды қолданушылардың кейбір санаттарына арналған міндеттер; 6) ҚР мүлікті жария ету акциясының мерзімі ұзартылуы туралы хабарламалар бар.
1) 2015 жылғы қарашада Қазақстан Республикасының Парламентімен қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден табыстар алатын салық төлеушілер үшін ұсынады:
1. 2016 жылдан бастап - мұндай табыстарды алатын заң тұлғаларға шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін (АСР) қолдануы (СК-нің 428-бабы). Бұл ретте мұндай салық төлеушілер аталған режимді 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолдануға құқылы (Салық салу бойынша Заңның 11-бабы);
2. 2016 жылдан бастап - шағын бизнес субъектілері үшін АСР қолданған кезінде салық төлеушілердің табысына Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған табыстарды енгізу (СК-нің 427-бабы).
3. 2016 жылдан бастап - патент және оңайлатылған декларация негізіндегі АСР қолданатын салық төлеушілердің табыстарының мөлшерлерін айқындау тәртібі нақтыланған, сондай-ақ есептеу, тиісті салықтарды төлеу және олардың салық есептiлiгiн тапсыру (СК-нің 427-бабы).
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу және олардың айналымы бойынша кейбір мәселелерді үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен 2015 жылдың 8 желтоқсанында №750 бұйрығы қабылданды және 2015 жылдың 15 желтоқсанынан бастап күшіне енді. Бұл құжат «Жекелеген тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде өткізу кезінде есепке алудың кейбір мәселелерін» реттейді.
Нормативтік құжаттың ережелеріне сәйкес, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден, баждың ең төменгі ставкасы қолданылатын үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар Тізбесіне енгізілген тауарларды өткізу кезінде, сондай-ақ осындай ставкалардың мөлшері белгіленген. Тізбеге енгізілген тауарлар бойынша баждың ең төмен ставкасы қолданылған тауарға арналған декларация жеке ресімделеді.
Тізбеге енгізілген тауарларды оларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленген кедендік әкелу бажының ставкасы қолданылатын тауарлармен бір тауар партиясында әкелген кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасын барлық тауарларға қолдану шартымен, барлық әкелінетін тауарларды бір декларациямен кедендік декларациялауға жол беріледі.
3) Қазақстан Республикасының БСҰ мүше болуына орай, жоғарыда аталған Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес, ҚР аумағынан ЕАЭО мүше мемлекеттерден басқа мемлекеттің аумағына Тізбеге енгізілген тауарларды әкеткен кезде салық төлеуші тауарға арналған декларациялардың және электронды шот-фактуралардың көшірмелерін аумақтық мемлекеттік кіріс органдарына табыс етеді. Осыған орай, сыртқы экономикалық қызметпен шұғылданушы тұлғаға, ЭШФ ақпараттық жүйесінде тіркеліп, электрондық шот-фактура жазып беру міндеттелінеді.
4) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің баптарына енгізілген өзгерістер дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың оңалту рәсімін қолдану және банкрот деп тану туралы қатынастардың сотпен реттелуін үйлестірген. Сондай ақ, оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімі шеңберінде туындаған даулар, оның ішінде борышкермен жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, борышкердің мүлкін қайтару туралы, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушының талап-арыздары бойынша дебиторлық берешекті өндіріп алу туралы т.б. әрекеттердің тетігі нақтыланған.
5) Бақылау-кассалық машиналардың қолданылуына енгізілген жаңа талаптар соңғы жылда бірнеше семинарларға арқау болды. Жаңа жылдан бастап жаңа талаптар күшіне енетін болады.
6) Қазақстан Республикасы аумағы бойынша жарияланған мүлікті жария ету акциясы мерзімінің 2016 жылдың желтоқсанына дейін ұзартылуына байланысты жұмыстар тағы бір жыл жалғасын табатын болады.
Спикерлер қатысушылар тарапынан қойылған бірнеше сұрақтарға жауап берді.